Юридический адрес: 050008, г. Алматы, ул Муканова, 243, кв. 20 Физический адрес: Жамбыла 114, офис 224, 225

Жастарға консультациялық кеңестер тегін, анонимді және конфиденциалды

            Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастығының (КМПА) Қоғамдық бірлестігі бұл ерікті түрде жұмыстар атқаратын, коммерциялық емес ұйым. Басты мақсаты халық арасында сапалы әрі расталған  репродуктивті денсаулыққа қатысты ақпараттар тарату, жыныстық және репродуктивті денсаулыққа қатысты құқықтардың сақталуы мен қызметтерге қолжетімділіктерді арттыру; адамгершілік пен жыныстық тәрбиені қалыптастыру; халықаралық және мемлекеттік деңгейде репродуктивті денсаулықты сақтау мен репродуктивті құқықтарды қорғауға қатысты сұрақтар мен мәселелерді талдау мен дамыту жұмыстарын атқару жатады.

            2020 жылдың қыркүйек айынан бастап КМПА «Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету» жобасын жүзеге асырады. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландыруы және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің қолдауы негізінде жүзеге асырылады.

            Кәсіби мамандар телефон арқылы жасөспірімдер арасындағы жүктілікті алдын алу; контрацептикалық әдістер; жыныстық жолмен берілетін жұқпалы инфекциялар; ана сүтімен емізу; босанудан кейінгі қалыпқа келу сұрақтары бойынша ақпараттар тарату мен консультациялық жұмыстарды жүргізетін болады.

            Аталмыш жобадан күтілетін әлеуметтік әсерлер:

  • Жоба аясында қызметтерді пайдаланған жастар өз әрекеттері мен мінез-құлықтарын саналы түрде түсініп орындайтын болады;
  • Жасөспірімдер арасында ерте жастағы жүктілік көрсеткіші азаяды;
  • Жастар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен АҚТҚ жұқтыру мен ауру көрсеткішін азайту;
  • Жыныстық қарым-қатынасқа кейінірек түсу;
  • Контрацептикалық әдістерді қолдану;
  • Жас аналар ана сүтімен баланы емізудің маңыздылығы мен босанудан кейінгі сауығу мен қалыпқа келу жолдарын білетін болады.

 

Телефон бойынша консультациялық қызметтерді ұйымдастыру аптаның 7 күнінде, таңғы 08:00- ден 20:00- ге дейінгі уақыт аралығында қызметтер көрсетілетін болады.

Байланыс телефоны: 8-8000-040-540

Жоба үйлестірушісі: Меруерт Килыбаева +7 778 900 0674

Отправить сообщение

Заявка