Заңды мекен-жайы: 050008, Алматы қ., Мұқанов көш., үй 243, 20 пәтер

КМПА туралы

КМПА туралы

“Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы(КМПА)” қоғамдық бірлестігі – республикалық мәртебесі бар ерікті, қоғамдық, коммерциялық емес ұйым. Ұйымның бастапқы атауы – “Қазақстандық медициналық-педагогикалық қауымдастық” немесе қысқаша КМПА. 2000 жылы Қауымдастық қайта регистрациядан өтті және бастапқы аббревиатурасын сақтай отырып, қазіргі атауын алды. Сол жылы Римде ұйымды Халықаралық Жоспарлап Ата-ана болу Федерациясының (IPPF) ассоциативті мүшелеріне қабылдады және 2006 жылы КМПА оның толық мүшесі болды.

КМПА Қазақстанның үкіметтік емес секторында 1996 жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы халықаралық көшбасшылармен – Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен (ДДҰ), БҰҰ Халық қоры (ЮНФПА), IPPF, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдармен және ҮЕҰ-мен серіктестікте жұмыс істейді.

КМПА Қазақстан қоғамын жыныстық және репродуктивті денсаулық пен құқықтар мәселелерінде сау және білімді, сондай-ақ репродуктивті денсаулық бойынша сапалы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізу және таңдау еркіндігі бар деп санайды.

КМПА Миссиясы

Ұйым әйелдердің, ерлер мен жастардың негізгі репродуктивтік құқықтарын қорғау, олардың жыныстық және репродуктивтік денсаулығына қатысты еркін және ақпараттандырылған таңдауды қамтамасыз ету және адамгершілік-жыныстық тәрбиені, жыныстық және репродуктивтік денсаулық саласындағы жоғары сапалы ақпарат пен қызметтерді ұсыну арқылы Қазақстан халқының, әсіресе әлеуметтік осал, кедейлер мен жастардың репродуктивтік денсаулығының жай-күйін жақсартуға ұмтылады. КМПА өз қызметін гендерлік теңдік, шешім қабылдау еркіндігі және ерікті қатысу принциптеріне негіздейді.

КМПА құндылықтары

  • Мүмкіндіктер теңдігі
  • Жыныстық репродуктивті денсаулық
  • Қол жетімділік
  • Құзыреттілік және кәсібилік
  • Ізгі ниет

КМПА қызметі

Қауымдастықтың қызметі жастардың, әйелдер мен ерлердің сапалы медициналық қызметтерге және жыныстық және репродуктивті денсаулық туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығын қорғауға негізделген. КМПА өз қызметін бес негізгі стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырады:

  1. Жыныстық және репродуктивті құқықтарды қорғау
  2. Қауіпті абортты жою
  3. АИТВ / ЖИТС.
  4. Жастар мен жасөспірімдер
  5. Сапалы жыныстық репродуктивті қызметтерге қол жеткізу.

Осы бес бағыт бойынша Қауымдастық:

  • жастардың, әйелдер мен ерлердің негізгі репродуктивті құқықтарын қорғауда (адвокатура);
  • Қазақстан халқының, әсіресе әлеуметтік осал, аз қамтылған және жастардың репродуктивті денсаулығының жай-күйін жақсартуда;
  • медициналық қызметтердің сапасын арттыру және оларға қол жеткізуде;
  • халықты және медицина қызметкерлерін ақпараттандыру және оқытуда – өз үлесін қосады.

Оқыту

КМПА қызметінің бүкіл тарихында мемлекеттік медициналық ұйымдардың қызметкерлері; білім беру мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлері, министрліктердің, ведомстволардың, департаменттердің қызметкерлері; жергілікті ҮЕҰ, сондай-ақ медициналық қызметтерді тікелей алушылар сияқты тілек білдірушілердің кең ауқымы үшін жүздеген оқыту тренингтері мен семинарлар өткізді. Сонымен қатар, Қауымдастық күштері жобалар мен бағдарламаларды орындау барысында осал топтарды оқытуға бағытталды.

КМПА тренингтері келесі тақырыптар бойынша өткізіледі:

  • пренатальды дайындық, жүктілікті басқару
  • медициналық колледждердің, орталықтардың оқытушылары мен мамандары үшін отбасын жоспарлау әдістері;
  • учаскелік және патронаждық медбикелер мен басқа да мүдделі тұлғалар үшін
  • Отбасын жоспарлау әдістері бойынша ақпараттандыру үшін әйелдер арасында еріктілерді тарту
  • жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ); АҚТҚ/ЖҚТБ
  • қауіпсіз түсік түсіру әдістері.

КМПА филиалдары

КМПА өз қызметін Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асырады және Астана, Қостанай, Шымкент, Талдықорған, Тараз, Павлодар, Семей және Қарағанды қалаларында бірнеше өңірлік кеңселері бар. Басқа өңірлерде КМПАны еріктілер мамандар ұсынады. Қауымдастық еріктілер қозғалысына Денсаулық сақтау, білім беру салаларынан түрлі мамандықтардың мамандары, сондай-ақ жастар, үй шаруасындағы әйелдер және біздің қоғамның басқа да көптеген өкілдері тартылды.

 

 

Хабарлама жібер

Заявка