Заңды мекен-жайы: 050008, Алматы қ., Мұқанов көш., үй 243, 20 пәтер Нақты мекенжайы: Жамбыл 114, 224, 225 кеңсе

“Салауатты ана болу: үйрете отырып, қауіпті азайтамыз!” дөңгелек үстелі

Атырау қаласында өткен дөңгелек үстелде “Салауатты ана болу: үйрете отырып, қауіпті азайтамыз!” жобасының мақсаттары, міндеттері мен белсенділігін КМПА, ТШО сарапшылары, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері талқылады.
Атырау облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Қ. Ермағамбетов өңірдегі ана мен бала жағдайы туралы айтып берді. Ал ТШО денсаулық сақтау жөніндегі әлеуметтік жобалар бағдарламасы туралы әлеуметтік инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі кеңесші М. Фахрутдинова айтып өтті. КМПА атқарушы директоры Г. Гребенникова қатысушыларды жобаны іске асыру жоспарларымен таныстырып шықты.
“Репродуктивті денсаулықты қорғау стратегиялық маңызды міндет болып табылады, өйткені мемлекеттің орнықты дамуы халықтың санына және сапалық құрамына, адами ресурстарға, еңбек капиталына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты”, – деп есептейді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала бөлімінің бастығы Сұлу Жұмағелдықызы.

Өз жобаларын жүзеге асыру тәжірибесімен бөліскен ҮЕҰ өкілдеріне рахмет!

 

#теңізшевройл #тенгизшевройл #tengizchevroil #кмпа

Хабарлама жібер

Заявка