Нақты мекен-жайы: 050012 Алматы қ., Жамбыл көш., үй 114/85, офис 224-225 Заңды мекен-жайы: 050008, Алматы қ., Мұқанов көш., үй 243, 20 пәтер

Салауатты ана болу: үйрете отырып, қауіптерді азайтамыз

Жылыой ауданының болашақ аналары босануға дайындық бойынша мектеп сабақтарына тегін қатыса алады. Бұл «Теңізшевройл» ЖШС Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы (ҚЖРДҚ) іске асырып жатқан «Салауатты ана болу: үйрете отырып, қауіптерді азайтамыз» жобасы арқасында мүмкін болып отыр.

 

Жоба Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы ана мен бала өлімін азайту мақсатында болашақ аналарға ғана емес, сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне де консультациялық көмек көрсетуге бағытталған.

Жоба шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) көрсететін 75 медицина қызметкері үшін офлайн режимінде үш төрт күндік тренинг өткізу жоспарлануда. Олардың ішінде Жылыой ауданының да, облыстық перинаталдық орталықтың да жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтары, медбикелер мен акушерлер бар. Оқытуды еліміздің жетекші медициналық университеттері мен мекемелерінің жоғары санатты акушер-гинекологтары қатарынан тәжірибелі, халықаралық оқытудан өткен жаттықтырушылар жүргізетін болады. Тренингтерде қатысушылар білім деңгейін арттыра отырып, жүктілікке және антенатальды (босануға дейінгі) көмекке дайындық, жүктіліктің асқынуын уақтылы диагностикалау және пациенттерді ауруханаға жатқызу бойынша қызмет көрсету дағдыларын жетілдіретін болады.Медицина қызметкерлерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының антенатальды көмек көрсету бойынша жаңартылған ұсыныстарымен және әдістемесімен таныстырады.

 

#теңізшевройл #тенгизшевройл #tengizchevroil #кмпа

Хабарлама жібер

Заявка